Ұлыбританияның 37 фирмасы Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен болуы мүмкін

140

Әзірге ешкім жазаланған жоқ. 

Ұлыбританияның 37 фирмасы Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен болуы мүмкін Фото: РБК

Ұлыбритания үкіметі Ресейдің мұнай санкцияларын айналып өтуіне қатысы бар деген күдікпен 37 фирмаға қатысты тергеу жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2022 жылдың желтоқсанында G7 елдері Ресей мұнайының теңіз арқылы импортына эмбарго жариялап, оның бағасы барреліне 60 доллардан аспайтындай етіп шектеу қойды. Аталмыш елдердің фирмаларына ресейлік мұнайдың саудасына қатысуға (егер 1 баррельдің бағасы 60 доллардан жоғары болса) тыйым салынады.

Би-би-си ақпарат бостандығы туралы заңға сәйкес сұрау салып, Ұлыбританияның қаржы министрлігі 2022 жылдың желтоқсанынан бастап осы тыйымды бұзды деп күдіктелген 52 компанияға қатысты тергеу ашқанын анықтады.

Осы жылдың тамыз айына дейін 15 істі тергеу аяқталды, қалған 37 жағдай бойынша жұмыстар жалғасуда, бірақ ешкімге  айыппұл салынбаған.

Біріккен Корольдіктің қазынашылығы фирмалардың атауларын жариялаудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу