Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Қазақстанның көне жазба мұраларымен танысты

366

Тараптар аталған кездесуде бірқатар мәселелерді талқылады.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Қазақстанның көне жазба мұраларымен танысты Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич арнайы келіп, еліміздің көне жазба мұраларымен танысты, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Кездесуде тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, Ұлыбритания мен Қазақстанның ортақ мәдени ынтымақтастықты дамыту жолдары мен жазба мұраларды анықтау, қалпына келтіру, сақтау мәселелерін талқылады.

Елші Ұлттық орталықтың мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесін айрықша атап өтіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу