Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісінің дипломатиялық мерзімі аяқталды

1034

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісінің дипломатиялық мерзімі аяқталды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браунды дипломатиялық мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды ҚР парламенті мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.
Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Кэролин Браун екі ел арасындағы екіжақты, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету жолында еселей еңбек етті. Нәтижесінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік қарқынды дамыды. Сонымен бірге Браун ханым саяси, мәдени, халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, әрбір ұлттық мейрамдарда қазақ тілінде жүрекжарды лебізін жеткізіп, мемлекеттік тілге деген ерекше құрметін көрсетті.
Мәжіліс төрағасы Кэролин Браунның жоғары дипломатиялық тәжірибесі өзгелерге үлгі болуға лайықты екенін атап өтті. Өз кезегінде Кэролин Браун Қазақстанда еңбек еткен жылдар өміріндегі ең елеулі кезеңдердің бірі екенін айтып, жалпы еңбек жолының Қазақстандағы елшілік қызметпен аяқталатынына риза екендігін жеткізіп, алғыс білдірді. 
Айта кетейік, Кэролин Браун біздің елімізде 4 жыл қызмет етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу