Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі 5 қыркүйекте жарияланады

611

7 шілдеде Борис Джонсон үкімет басшысы қызметінен кететінін мәлім етті.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі 5 қыркүйекте жарияланады Фото: reuters.com

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі 5 қыркүйекте жарияланады. Үміткерлерді іріктеу осы аптада басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта тізімде консервативті партияның жетекшісі және премьер-министр лауазымына 11 үміткер бар.

Заң шығарушылар үміткерлердің санын екіге дейін қысқартады, содан кейін жазда консервативті партияның мүшелері қос үміткердің біреуін таңдайды.

Сауалнамаға сәйкес, оппозициялық лейбористтік партияны қолдау көрсеткіші 43%, консервативті партияны 28%.

7 шілдеде Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі және консервативті партияның жетекшісі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ ол жаңа премьер таңдалғанға дейін партия мен үкімет басшысының міндеттерін орындайды.

Ол үкімет басшысы болып 2019 жылғы 24 шілдеде тағайындалған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу