Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі анықталды

605

Трасс 6 қыркүйекте Борис Джонсонның орнына премьер-министр қызметін атқаруды бастап, Үкіметтің жаңа құрамын тағайындайды.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі анықталды

Лиз Трасс Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі және консервативті партияның жетекшісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

47 жасар Лиз Трасс кандидатурасына Консервативті партияның 81 326 мүшесі дауыс берді. Оның қарсыласы, 42 жастағы бұрынғы Қаржы министрі Риши Сунак 60 399 дауыс жинады. 

Билеуші партияның жетекшісі ретінде Трасс 6 қыркүйекте Борис Джонсонның орнына премьер-министр қызметін атқаруды бастап, Үкіметтің жаңа құрамын тағайындайды.

Сайлау науқаны кезінде Лиз Трасс елдің қорғаныс жүйесіне қаржы бөлуді арттыруды және салықтарды азайтуға уәде берді, ал премьер-министр ретіндегі жұмыстың алғашқы аптасында – электр бағасының өсуіне қарсы күрес жоспарын ұсынуға уәде берді. 

Лондонның Мәскеуге қатысты саясаты жаңа басшының келуімен өзгермейтін секілді. Лиз Трасс Сыртқы істер министрі ретінде де Ресейге қарсыластығын анық білдірген болатын. Көпшілік алдында айтылған сөздерінің бірінде: "Егер Путинді Украинада тоқтатпасақ, Балтық елдері, Польша, Молдова сынды мемлекеттерге қауіп төніп, ақыр аяғы НАТО-мен қақтығысқа алып келеді", – деген болатын.

Борис Джонсон қызметінен кететінін 7 шілдеде жариялады, бірақ сайлауға дейін Үкімет басшысы болды.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу