Ұлыбританияның жоғарғы соты парламенттің мақұлдауынсыз Brexit-ті бастауға рұқсат етпеді

1203

Ұлыбританияның жоғарғы соты парламенттің мақұлдауынсыз Brexit-ті бастауға рұқсат етпеді

Ұлыбританияның жоғарғы соты  премьер-министр Терезе Мэйге  парламенттің мақұлдауынсыз елдің ЕО-дан шығу процесін бастауға рұқсат етпеді, деп хабарлады сейсенбі күні британдық БАҚ.

Brexit шарасын бастау мәселесін парламентке енгізуге 11 судьяның сегізі жақтап дауыс берген.
Бұған дейін хабарланғанындай, былтыр Лондонның жоғарғы соты үкімет парламенттің мақұлдауынсыз Лиссабон шартының  50-бабын енгізу туралы жариялай алмайтындығы қаулы еткен. Аталмыш бап  елдің Еуроодақтан шығуы процесін реттейді.  Алайда билік бұл шешімге қарсы Жоғарғы сотқа шағымданған.
Үкімет  парламентпен кеңеспей-ақ, маусымда өткен референдумның қорытындысын негізге ала отырып осындай шешім қабылдауға құқылы екенін дәлелдеп баққан болатын.
Болжанғандай, депутаттар  ЕО-дан шығу жөнінде үкіметтің жоспарын қолдайтыны анық, алайда  тиісті заң жобасын парламент қабылдауына енгізу процесі 50-бапты іске асыруды кейінге қалдыруы мүмкін.  Бастапқыда Жоғарғы сот жағымды шешім шығарады деген сенімде болған Терезе Мэй Brexit-ті биылғы жылдың наурызында бастап кетпекші еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу