“Ұлымды құтқара алмадым. Ол мені кешірмейтін шығар": Үйінді астынан аман шыққан ананың өкініші

1821

Әлеуметтік желілерде үйінді астында жатып, телефонға өсиетін жазып қалдырмақшы болған Фатма Курттың бейнежазбасы тараған болатын.

“Ұлымды құтқара алмадым. Ол мені кешірмейтін шығар": Үйінді астынан аман шыққан ананың өкініші Фото: Qaz365.kz

Видеода ол өзінің қарызын өтеуді өсиет етеді. Алайда ол қарыз емес, аманат етілген ақша болып шықты. Бұл туралы ол үйінді астынан шыққан соң мәлімдеді, деп хабарлайды Іnbusiness.kz сайты qaz365.kz порталына сілтеме жасап.

“4 жетім балаға тоңазытқыш алу үшін жиналған аманат ақша еді. Жетімдердің ақшасы еді, менің ақшам емес еді. Сондықтан да сол ақшаны өтеңдер дедім. Жетім балалардың ақысы менде кеткенін қаламадым”, деді Фатма Курт.

Ол осы видеоны түсірген кезде,  12 жастағы ұлы Біләл қасында жансыз жатыр еді. 

“Ұлымды құтқара алмадым. Ол мені кешірмейтін шығар”, – деп ашынды ана.

Фатма Курт ұлының арқасында құтқарылғанын айтады.

“Екі күн жалғыз қалды. Үсіді ме екен, қорықты ма екен, анам мені тастап кетті деді ме екен? Ұлымның арқасында біз аман қалдық. Ол бізді құтқарды. Ұлыңның денесінің арқасында аман қалу неткен ауыр”, – деді ана.

Ұлы анасына арнап хат жазып кеткен екен.

“Сені қатты жақсы көремін. Не айтсаң да, орындаймын. Отын десең, әкеліпп беремін. Көмір десең, әкеліп беремін. Мен отбасымды жақсы көремін. Сен қасымда болсаң, жеткілікті”, – деп жазған ол хатта.

Фатма Курт барлық ата-анаға үндеу айтты.

“Әркім баласын қатты сүйсін, оларды ренжітпесін, көңіліне қаяу түсірмесін. Тамақ жеме, аз же, семіріп бара жатырсың деп айтпасын. Жақсылап жесін, сосын жей алмайды”, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу