Батыс Қазақстан облысында ұлының үйлену тойын өткізген ауыл әкімі қызметімен қош айтысты, деп хабарлайды Atameken Business.
Карантиндік шектеуді елемеген шендінің іс-әрекеті әлеуметтік желі арқылы әшкере болған. Отбасылық іс-шара Оралдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Оны ұйымдастырған Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісов қазір еңбек демалысында екені белгілі болды. Сондықтан аудан әкімі оны жұмысқа шығысымен қызметінен босататынын мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу