Ұлынан қорлық көрген әкенің неден қайтыс болғанын анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр

206

Бұл туралы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлынан қорлық көрген әкенің неден қайтыс болғанын анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылының тұрғыны Есіркеп Сәдібекұлы Садақбаев 2025 жылғы 2-нен 3-ші қыркүйекке қараған түні қайтыс болған.

– Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер қайтыс болу туралы анықтама бермеген. Қазір мәйітке эксгумация жасалып, сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Қорытындысы шыққан соң қосымша ақпарат беріледі, – делінген басқарма таратқан хабарламада.

Дәрігерлер нақты өлім себебін сараптама нәтижесі шыққаннан кейін ғана жариялайды.

Марқұм өмірінде "I11" және "M42" диагнозымен динамикалық бақылауда тұрған. Сонымен қатар, дене жарақаттарына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген және ешқандай шағым түсірмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу