Колумбия жерінде құлаған ұшақта болған "Шапекоэнсе" командасының үшінші қақпашысы Марсело ұлының туған күнін отбасымен бірге атап өтуіне байланысты сапарға шықпай қалған екен. Осылайша құдай сақтап, бразилиялық ажалдан аман қалды, деп жазады дереккөзге сілтеме жасап 24 Хабар.
Сондай-ақ осы командадан Оңтүстік Америка кубогының финалына 9 футболшы өтпей қалған. Ал YouTube порталында футболшыларының басым бөлігі апаттан қаза тапқан осы команданың кубок финалына жолдама алғанда балаша қуанғаны туралы ролик жарияланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу