Ұлыстың ұлы күнінде Алматы облысында 80 отбасы баспаналы болды

885

Ұлыстың ұлы күнінде Алматы облысында 80 отбасы баспаналы болды

Алматы облысында жалғыз моноқала тізіміне енген Текелі қаласында 80 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыстың ұлы мейрамы - Наурыз мерекесі қарсаңында текеліліктер осылайша қос қуанышқа кенелді. Шаһар басшысы Бақтияр Өнербаев қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етіп, әр отбасыға береке-бірлік тіледі.

80 пәтерлі арендалық үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерген.

Тұрғын үйдің құрылысына "Ұлттық қордан" 409 млн теңге, жергілікті бюждеттен 45 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңа баспана мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көпбалалы жанұяларға берілді.

Қоныс той иелерінің қатарында пәтер кезегінде 10 жылдан астам уақыт тұрған зейнеткер Фатима Ізбасарова да бар. Қария 85 жасында баспаналы болды. Текеліде 2018-2021 жылдар аралығында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тағы 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу