Ұлытау мен Маңғыстауды жалғайтын тікелей пойыз қатынай бастады

115

Бұл туралы "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ мәлім етті.

Ұлытау мен Маңғыстауды жалғайтын тікелей пойыз қатынай бастады   Фото: the-village-kz.com

Алғашқы рейсті Маңғыстау станциясында жұрт салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қарағанды–Жезқазған" бағыты Маңғыстауға дейін ұзартылып, енді "Қарағанды–Маңғыстау" бағыты ретінде қатынайтын болды.

Жол жүру уақыты – шамамен 41 сағат.
Келу уақыты: тақ күндері 12:08 
Жөнелту уақыты: 14:34 
Билет құны: 

  • Купе – 22 123 тг;
  • Плацкарт – 14 467 тг.

Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу