Ұлытау облыстық қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

634

Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы болып Айнұр Сыздықова тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Ұлытау облыстық қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Айнұр Хамитбекқызы 1988 жылы 16 қарашада Қостанай облысында дүниеге келген.

2007 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, 2010 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін тәмамдаған.

2007 жылғы желтоқсаннан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде, ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаментінде жұмыс істеген.

2022 жылдан бастап Ұлытау облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу