Ұлытау облыстық прокуратура ғимаратының қақпасын сындырған тұрғын қамалды

201

Жезқазған тұрғыны прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырған.  

Ұлытау облыстық прокуратура ғимаратының қақпасын сындырған тұрғын қамалды Фото: gov.kz

Жезқазғанда Ұлытау облысының прокуратура ғимаратының қақпасын қателесіп сындырған жергілікті тұрғын сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 30 тамызда болған. Қала тұрғыны мас күйі прокуратура ғимаратын досының үйімен шатастырып қақпаны ашуға тырысқан. Ақыры соңында сындырып ішке кіруге бел байлайды.

Прокуратура келтірілген залалды 259 мың теңгеге бағалады. Ер адам ақшаның бір бөлігін өтеп, ал қалғанын жақын арада төлеуге уәде берді.

Сот ер адамды басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 5 күндік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу