Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерден көшесіндегі үйде болған өртке Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, барлау және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Құтқарушылардың көмегімен үйден 19 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу