Бұл туралы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған деп жазады inbusiness.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл "Прогресс МС-21" жүк кемесінің фрагменті. Ол Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге құлаған. Жақын маңдағы қыстаулардың тұрғындары эвакуацияланды. Орынбай ауылының тұрғындарын көшірген жоқпыз. "Роскосмос" мамандары ғарыш кемесінің ұшу күні мен уақытын алдын ала біліп, фрагменттің құлаған жерін анықтаған. Олар бұл жерді күзететін арнайы жедел әрекет ету тобын құрды. Ғарыш аппаратының алғашқы фрагменттері алып тасталды, олар қауіп төндірмейді", - деді баспасөз қызметі өкілдері.