Облысқа атбасын тіреген Қасым-Жомарт Тоқаев өңір орталығының тыныс-тіршілігімен де танысты.
Облыс әкімі ретінде алғаш есеп берген Берік Әбдіғалиұлы Президенттен бірде-бір мәселені жасырмады. Жаңа өңірдің аумағы республикада 5-орында. 227 мың халқының 50 пайызға жуығы ғана экономикалық белсенді. Бірінші кезекте аймақтағы республикалық жолдарды қалыпқа келтіру керек. 90 млрд теңге бөлініп, құрылысы тоқтап тұрған Жезқазған - Қызылорда тас жолын жандандыру маңызды екенін баса айтты. Сол үшін Альянс даму банкі тағы да 30 млрд теңге құятын болған.
Әкім арнайы экономикалық аймақ құруға ел басшысынан көмек сұрады.
Оның сөзінше, облысқа сүт зауыты, ет комбинаты мен құрылыс материалын шығаратын кәсіпорындар қажет.