Ұлытау облысына енетін қала мен аудандар нақтыланды

1696

Қарағанды облысының маслихаты Ұлытау мен Қарағанды облысының аумағына кіретін аудан мен қалаларды бекітті.

Ұлытау облысына енетін қала мен аудандар нақтыланды

Қарағанды облысының кезектен тыс сессиясында жаңадан құрылған Ұлытау облысының аумақтық бөлінісі нақтыланды. Жаңадан құрылған облысқа Жезқазған, Сатпаев, Қаражал қалалары сонымен қатар Жаңаарқа мен Ұлытау аудандары кіреді.

Ал Ұлытау облысының әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болады. Қарағанды облысының құрамында Ақтоғай, Абай, Бұқар - Жырау, Қарқаралы, Нұра, Оскаров, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск, Приозерск қалалары қалатын болды. Территориялық бөліністерге сай, Қарағанды облысының аумағы 23 904 635 га болса, Ұлытау облысының аймағы 18 893 661 га болып нақтыланды. Сессияның қорытындысында бірлескен қаулы мен шешім Үкіметке жолданды.

"Облыста Ұлытау облысын құру бойынша әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу алгоритмі әзірленді. Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірде жоғарыда аталған өңірлерді құрылатын Ұлытау облысының құрамына енгізу мәселесі бойынша мәслихаттардың қалалық және аудандық сессиялары өткізілді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті бірлескен актілер алынды", – деп мәлімдеді Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Аумақтарды бөлудің орындылығы туралы ғалымдардың оң қорытындысы алынған. Ғылыми сараптама Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалған екен.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу