Ұлытау облысына көшкен мемқызметшілерге пәтер сатып алуға 2,3 млрд теңге бөлінбек

354

Қаулы жобасы қыркүйекке дейін қоғам талқылауына шығарылды.

Ұлытау облысына көшкен мемқызметшілерге пәтер сатып алуға 2,3 млрд теңге бөлінбек Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін Ұлытау облысына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін тұрғын үйді коммуналдық меншікке сатып алуға Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

1 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған Қаулы жобасында Ұлытау облысында тұрғын үй сатып алу үшін 2 384 640 000 теңге сомасында қаражат қажет екені жазылған. 

"Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлу Ұлытау облысы орталығына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін тұрғын үйді коммуналдық меншікке сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлытау облысының әкімдігі аппаратының қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет", делінген түсіндірме жазбада. 

Ұлытау облысы әкімдімдігінің ақпараты бойынша тұрғын үйді сатып алуды 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу