Аталған бірайлық аясында бүгін жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Таза Қазақстан" республикалық акциясына өңірден 976 ұжым қатысып, барлығы 7 209 азамат тазалық жұмыстарына өз үлесін қосты.
Тазалық іс-шарасына 105 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 2 200 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Сонымен қатар, 433 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды әрі 1825 ағаш санитарлық қырқудан өтті.
Бұл шара облыс елді мекендерінің тазалығы мен абаттандыруына оң ықпал етіп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға серпін берді.