Ұлытау облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

771

Қоңырау стационарлық және ұялы телефондардан тегін. Қоңырау тәулік бойы қабылданады.  

Ұлытау облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды Фото: inform.kz

Облыс тұрғындары бұл нөмір бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыруға байланысты кез-келген мәселе бойынша жүгінуге алады деп жазады inbusiness.kz Ұлытау облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

“Орталықтың операторлары мен мамандары коммуналдық және авариялық қызметтермен тікелей байланыста, бұл қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштер бойынша жұмысты едәуір жеделдетеді”, делінген ақпаратта.

Бірыңғай байланыс орталығында орындалатын жұмыстардың кезеңдеріне және олардың талаптарға сәйкестігі үнемі қадағаланады. Мұнда әр шағымды жеке қарайды. Шаралардың уақтылы қабылдануы мен сапалы болуына кепілдік беріледі.

"109 бірыңғай байланыс орталығы" жобасы бүкіл республика аумағында сәтті іске асты. Оны Ұлытау облысында енгізу халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді шешуге жаңа серпін береді.

Өтініштер мынадай байланыс құралдары арқылы қабылданатын болады:

1. 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефондардан тегін)

2. Instagram: @ulytau.109

3. Telegram чат-боты: https://t.me/ulytau_109_bot

4. WhatsАpp: https://wa.me/77077901109

5. Электрондық пошта: ulytau109@gmail.com

6. Мобильді қосымша: Комек-109

7. Шағымдарды қабылдау сайты: https://ulytau.komek109.kz/“, деліген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу