Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Ұлытау облысында 2000 гектар аумаққа жайылған табиғи өрт сөндіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
30 шілде күні Ұлытау облысы Төтенше жағдай департаментінің кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.
Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрап отыр.
"Қызыл жалынды сөндіруге ерікті өртке қарсы құрылымдар мен Ұлытау облыстық ТЖД 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды. Елдімекенге қауіп-қатер жоқ", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу