Прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде (бұдан әрі – Бөлім) жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды.
Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады.
Прокурорлық ден қою шараларымен бұзушылықтар жойылды, Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) жауапқа тартылды.
Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу