Аймақтағы 4 мыңға жуық адамның өміріне қауіп төніп тұр, деп жазады inbusiness.kz.
Төтеншеліктер: "Әсіресе Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзенінің көтерілуіне байланысты үрей бар", - деп отыр.
1 наурыздан бастап департаментте облыстық азаматтық қорғау жүйесінің барлық салаларының жұмысын толық үйлестіретін жедел штаб құрылады. Қызыл судың алдын алу үшін департаментте 34 бірлік арнайы техника дайын тұр.
Топан су басқан жағдайда халықты эвакуациялау үшін 42 бекет, сыйымдылығы 12 адам болатын 2 шатыр, 376 төсек және 161 төсек-орын дайындалды. Өңірдегі ахуал құтқарушылардың қатаң бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу