Бүгінгі тазалық шарасында өңірді көгалдандыруға басымдық беріліп, "Бүкілқазақстандық ағаш егу күні" ретінде ұйымдастырылды.
Акция барысында облыс аумағында 3000-нан аса ағаш көшеті отырғызылды. Бұл бастама өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғатты қорғауға және жасыл желектер санын арттыруға бағытталған.
Көшеттерді мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен жастар отырғызды. Нәтижесінде, Жезқазған қаласы "Наурыз" саябағындағы аллея жаңа көшеттермен толықты.
Сондай-ақ, облысқа қарасты барлық елді мекенде тал егу мен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға 5500 адам мен 1085 ұжым қатысты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан "Таза Қазақстан" акциясы – экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бөлігі.
Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл шараның қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруда және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде маңызы зор екенін атап өтті.