Ұлытау облысында 70-ке жуық киіктің өлексесі табылды

222

Өлекселерді Төтенше жағдайлар қызметкерлері байқаған.

Ұлытау облысында 70-ке жуық киіктің өлексесі табылды Фото: asshot.inc парақшасынан

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасының маңынан киіктердің өлекселері  табылды. Аталған жағдай әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының "Водосброс" және "Спутник" саяжайы маңында киік өлекселерін жинау жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдап жатыр.

– Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 67 өлексе табылып, "Охотзоопром" РМКК қызметкерлеріне тапсырылды. Іс-шаралар экологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында жалғасады, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу