Ұлытау облысында Адам папилломасы вирусына қарсы 679 қыз балаға вакцина жасалды

183

Екпе жасау жалғасуда.

Ұлытау облысында Адам папилломасы вирусына қарсы 679 қыз балаға вакцина жасалды Фото: Ұлытау облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі»

Ұлытау облысының "Өңірлік коммуникациялар қызметінің" алаңында "Ұлытау облысында Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Брифингке Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Елена Ткаченко және "Әбілдинова" ЖШС директоры Әдиша Әбділдә баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ұлытау облысында 11 жастағы қыздарға папилома вирусына қарсы вакцинация және 12,13 жастағы қыздарды иммундау басталды.

"Адам папиллома вирусына қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, вакцинация 11 жастағы қыздарға 11 және 11,5 жастағы қыздарға вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін 2-кезең бойынша жүргізіледі. Вакцинация тегін негізде отбасылық денсаулық орталықтарының, емхананың егу кабинеттерінде, дәрігердің қарауынан кейін, ата-анасының жазбаша келісімімен жасалады. Вакцина егу жүргізілгеннен кейін бала 30 минут егуден кейінгі реакцияны бақылау үшін отбасылық денсаулық орталығында болады. Облыс бойынша 679 қыз балаға вакцина жасалды. Екпе жасау жалғасуда", - деп атап өтті Е. Ткаченко.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда иммундау еліміздің халық денсаулығын сақтау саласындағы ұлттық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Айта кету керек, адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады.

АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізу Қазақстанда жатыр мойны обырымен ауруды 74,2% - ға төмендетуге мүмкіндік береді. Вакцинадан қорғануға болатын жалғыз қатерлі ісік - жатыр мойны обыры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу