Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сәтбаев қаласының ПБ кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түсті.
Бұдан кейін Сәтбаев қаласының тұрғындарынан осыған ұқсас жағдайлар бойынша арыздар түсе бастады.
Полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы келіншекті ұстады. Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама беріп, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырған.
Күдікті қылмысын мойындады, іс сотқа жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу