Ұлытау облысында апта ішінде ЖРВИ-мен 308 жағдай тіркелді

80

Облыста қанша адам екпе алды?

Ұлытау облысында апта ішінде ЖРВИ-мен 308 жағдай тіркелді Фото: Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "ЖРВИ, тұмау және АПВ алдын алу шаралары” тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Брифингке Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Елена Ткаченко және Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жезқазған қаласының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Олжас Нұрбаев қатысты.

Ұлытау облысы бойынша 2024-2025 ж.ж. эпидемиологиялық маусымының ағымдағы аптасында ЖРВИ-мен 308 жағдай тіркелді. 215 жағдай 14 жасқа дейін, 48-і жасөспірім жастағылар, өткен аптамен салыстырғанда  сырқаттанушылардың өсуі байқалды. Сондай-ақ, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында В типті тұмаудың зертханалық расталған 3 жағдайы тіркелді (14 жасқа дейінгі 1 бала, жасөспірім және ересек).

Қазіргі таңда облыс тұрғындарын вакцинациямен қамту облыс халқының 16,6% құрады. Вакцинация 2024 жылдың 19 қыркүйегінен басталды, барлығы 37 000 доза сатып алынды, бүгінгі күнге дейін 37 000 адам егілді.

Осы жылдың 23 қыркүйегінен бастап, Ұлытау облысында 11 жастағы қыздарға HPV-ге қарсы вакцинация және 12,13 жастағы қыздарға иммундау басталды. Адам папилломавирусына (HPV) қарсы Вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, вакцинация 11 жастағы қыздарға 11 және 11,5 жастағы екі кезеңде қыздарға вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Вакцинация тегін негізде емхананың екпе кабинеттерінде, ата-анасының жазбаша келісімімен дәрігердің қарауынан кейін жіберіледі, екпеден соң бала 30 минут егуден кейінгі реакцияны бақылау үшін амбулаторияда болады.

Облыс бойынша – 1264 қыз егілді, HPV вакцинациясынан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. Вакцинация жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу