Ұлытау облысында асфальт-бетон зауыты ашылды

168

Бұл – әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, облыстағы тұңғыш заманауи асфальт зауыты. 

Ұлытау облысында асфальт-бетон зауыты ашылды Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Кәсіпорын сағатына 160, жылына 200 мың тонна асфальт өндіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ашылу салтанатына қатысқан Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы нысан облыс аумағындағы жол құрылысына өнім беретін бірден бір орын болатынын атап өтті.

"Біз биыл бір Жезқазғанның өзіне көшелер мен аулалардың жол құрылысы үшін 6.5 миллиард теңге қаражат бөліп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, осы жылы облыс орталығының 57 көшесі қамтылады. Оған қоса, Сәтбаев қаласының жолдары да сапалы өнімдерімізбен жөнделеді деген сенім мол", - деді өңір басшысы өз сөзінде.

Кәсіпорында қазіргі уақытта 16 адам қызмет атқарады. Алдағы уақытта 60 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. "Самға" ЖШС директорының орынбасары Батырбек Битасов аталған зауыттың өзгелерден ерекшелігі - фильтрлеуден өтетіндігінде, экологиялық тазалығында екенін жеткізді.

Айта кетейік, зауыттың ашылуы "Самға" ЖШС бастамасымен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, "Халық" банкінің жартылай қолдауы арқылы жүзеге асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу