Ұлытау облысында браконьер ұсталды

396

Күдікті жасырынып қалуға тырысқан.

Ұлытау облысында браконьер ұсталды Фото: inbusiness.kz

Үш киіктің ұшасын тасымалдаған браконьерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

5 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де "Охотзоопром" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және табиғат қорғау полициясы инспекторларының бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында киіктердің ұшасын тасымалдаған ер адам ұсталды.

Жаңаарқа ауданының Жәйрем кентінен 1998 жылы туған ер адам  мотокөлігімен 3 киіктің  ұшасын тасымалдаған. Күдікті өзін тоқтатқан уақытта жасырынып қалуға тырысқан. 

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу