27 желтоқсан күні Ұлытау облысы Жаңаарқа кентінде жер үйдің аумағында газ баллон жарылып, 16 адам зардап шекті деп жазады inbusiness.kz.
"27 желтоқсанда Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде жер үйдің аумағындағы моншада тұрмыстық газ баллоны жарылды. Салдарынан 100 шаршы метр аумақта монша шатыры бұзылып, 50 шаршы метр алаң жанды. ТЖД күштері жедел түрде өртті оқшаулады", - делінген Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға болған үйде ас берілген.
Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті. Оның ішінде 8 адам ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр. Ал, 8 адам үйлеріне жіберілді.
ТЖМ мәліметінше, қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған көрінеді. Газ баллон аяздан үй-жайға әкелініп, жылыту құрылғысының жанына орнатылған.