Жаңаарқа ауданында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде "Қарағанды – Самарка – Атасу – Айнабұлақ" автожолының жабық учаскесінде адамдар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Бұл туралы ТМБ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды.
Абай ауданында Ақбастау ауылынан 5 шақырым жерде қар құрсауында 3 жеңіл көлік тұрып қалған. Құтқарушылар оларға жетіп, Ақбастау ауылына 5 адамды, оның ішінде 1 баланы жеткізді. Олар да медициналық көмекке мұқтаж болмаған.