Ұлытау облысында қарлы боран болуы ықтимал

569

Өңір тұрғындарынан алыс жолға шықпау ұсынылады. 

Ұлытау облысында қарлы боран болуы ықтимал Фото: Inbusiness.kz

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы Ұлытау облысының тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Ұлытау облысы тұрғындарының назарына! 18-20 желтоқсан аралығында Ұлытау өңірінде қарлы боран күтіліп отыр. Осыған орай өкілетті органдар жүргізушілерден алыс сапарға шықпауларын сұрайды”, - делінген QazAvtoJol таратқан хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы тауларында қар көшкіні қаупі бар екенін жазған болатынбыз. Бұдан бөлек Түркістан облысында қалың қар жауады деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу