Ұлытау облысында "Қазақстанды сүю" жылжымалы фотокөрмесі өтуде

162

Онда қазақстандық жазушы және қоғам қайраткері Жан Ақжановтың жұмыстары қойылған. 

Ұлытау облысында "Қазақстанды сүю" жылжымалы фотокөрмесі өтуде Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көшпелі көрме еліміздің бірнеше өңірінде болды. Экспозиция қазақстандықтардың тыныс-тіршілігі, қалалары мен әсем табиғаты бар фотосуреттерді қамтиды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мен осылайша елге, жерге деген махаббатымды жеткізгім келеді. Әркімнің осындай көрмені өткізуге мүмкіндігі бар. Бұл аса қымбатқа түсетін қиын шаруа емес. Егер кімде-кімнің құлшынысы оянып жатса, туған  елдімекенінен, жергілікті ауруханадан, өрт сөндіру бекетінен, мектептен немесе еңбек адамдарынан бастауға болады, – дейді автор.

Ұлытау облысында фотокөрме Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының көрме залында өтуде.

– Біздің мұражайдың көрме залына келушілер қызықты жұмыстарды көруге тамаша мүмкіндік алды. Әрбір фотосуретте еліміздің тарихы, оның тұрғындарының жүздері, тарихи орындары, дәстүрлері бар. Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармашылық жоба жалғасын таба берсе деймін, – деп атап өтті мұражай директоры Загира Қалменова.

Көрмені бірінші болып студенттер көрді. Автор жастарға суреттерді түсіру тарихы және әлеуметтік маңызды тақырыптарды қозғайтын кітаптары туралы баяндады. Көрме 9 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу