Ұлытау облысында қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр

99

Жоба мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Ұлытау облысында қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Облыстағы аграрлық саланы дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой шаруашылығы жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаның негізгі мақсаты – жайылымдық ресурстарды тиімді пайдалану және қой басының генетикалық әлеуетін жақсартуға негізделген тұрақты әрі бәсекеге қабілетті шаруашылық моделін құру.

Қазіргі таңда 3 мыңнан астам қой сатып алынып, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.

Жобаны сәтті жүзеге асыру аймақтың аграрлық саласының дамуына елеулі үлес қосып, өндіріс көлемін арттыруға және отандық қой шаруашылығының ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу