Конституциялық заң талаптарын бұзған шенеуніктер 1,5 млн теңге айыппұл төледі

331

Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Конституциялық заң талаптарын бұзған шенеуніктер 1,5 млн теңге айыппұл төледі Фото: canva.com

Ұлытау облысында "Прокуратура туралы" Конституциялық заң талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

"Қарау нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау облысы әкімінің 2 орынбасары, Жезқазған қаласының әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің м.а., Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада

Бүгінгі таңда кінәлі тұлғалармен жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге әкімшілік айыппұл төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу