Биыл Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға арналып алғаш рет тұрғын үйлер салына бастады.
- Қазіргі уақытта Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінде көпбалалы отбасыларға арналған 9 екі пәтерлі тұрғын үй салынуда.
- Бүгін сол үйлердің бірінің құрылысы толық аяқталып, Жаңаарқа ауданына қарасты Айнабұлақ ауылдық округінде екі отбасы қоныс тойын тойлады.
Айта кету керек, пәтерлерге ие болған екі көпбалалы отбасы да таяуда "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында Жаңаарқа ауданына көшіп келген болатын. Отбасылардың бірі Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданынан келсе, екінші жанұя Астана қаласынан қоныс аударып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу