Ұлытау облысында көрші ауылдың 165 қойын сатып жіберген шопан ұсталды

261

Оқиға Жаңаарқа ауданында болған.  

Ұлытау облысында көрші ауылдың 165 қойын сатып жіберген шопан ұсталды Фото: eldala.kz

Ұлытау облысында мал бағуға жалданған ер адамның көрші қыстақтағы қойларды түгел заңсыз иемденіп, басқа өңірге сатып жібермек болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мал иесі отарындағы қойлардың түгел еместігін байқап, полицияға жүгінген.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті көрші қыстақтағы қойларды өз қорасына айдап жинап, өзін заңды иесі ретінде көрсеткен. Кейін ештеңеден күдіктенбеген сатып алушылармен келісіп, 165 бас қойды жүк көлігіне тиеп, басқа өңірге жөнелткен.

Жаңаарқа аудандық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, малдың Жамбыл облысына қарай жөнелтілгенін анықтады. Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, Тараз қаласындағы мал базарынан қойларды сатып алған азаматтарды анықтады. Нәтижесінде малдардың барлығы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу