Ұлытау облысында мал іздеуге кетіп, жоғалған ер адам табылды

141

Табылған ер адам дін аман. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.  

Ұлытау облысында мал іздеуге кетіп, жоғалған ер адам табылды Фото: Видеодан скриншот

Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Жезқазған қаласынан 80 шақырым жерде 1991 жылы туған ер адамның туыстарына құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Ол күндіз ат үстінде шығып, мал іздеуге кеткен.

"ТЖМ іздестіру тобы Талдысай ауылынан 8 шақырым жерде ер адамды тауып алды", – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу