Ұлытау облысында қауіпті қылмыстардың алдын-алу мақсатында "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Бұл шараның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, оны болдырмау және осы қылмыстың жолын кесу, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес 137 әкімшілік хаттама, ал 408-бабына сәйкес 442 әкімшілік хаттама толтырылды.
Шара шеңберінде облыс аумағында 5 блок бекет орнатылды. Бұл бекеттер мал тасымалының заңдылығын қадағалау және ұрланған малды тасымалдаудың алдын алу үшін маңызды рөл атқарады.
"Мал ұрлығы" шарасы мал ұрлығының деңгейін төмендетуге, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ осы бағыттағы қылмыстарды ашу мен болдырмауға айтарлықтай үлес қоспақ.