Ұлытау облысында мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеп келген

885

Бұл деректерді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары анықтады. 

Ұлытау облысында мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеп келген Фото: Хабар

Ұлытау облысында 9 педагог білім беру мекемелерінде жалған дипломмен жұмыс істеген, деп жазады inbusiness.kz 24.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 9 ай ішінде бұл салада 3 қылмыстық және 14 әкімшілік іс тіркелген. Ұстаздар күні қарсаңында Антикор қызметкерлері мектеп және білім басқармасы бөлімінің басшыларымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тақырыбын талқылады.

Заң бойынша құны 10 АЕК-тен асатын сыйлық алған ұстазға 7 млн теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Жауапкершілік сыйлық берушілерге де көзделген.

Кездесуде республика бойынша іске асырылып жатқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы да таныстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу