ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары санавиация дәрігерлерімен бірлесіп Ұлытау облысының Жәйрем ауданынан шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 2000 жылы туған баланы Жезқазған қаласының медициналық мекемесіне тасымалдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дәрігерлердің кәсібилігі, экипаждың ұқыпты жұмысы және борттың техникалық дайындығының арқасында пациент мамандардың білікті медициналық көмегін алу үшін облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
ТЖМ ұшқыштарының жұмысы қысқа мерзімде өмірді құтқаруды қамтамасыз ете отырып, жедел жәрдем жүйесіндегі маңызды буын болып қала бермек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу