Ұлытау облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы авиажасағы кезекті санитарлық рейсті сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Медициналық көмекке мұқтаж 1989 жылы туған Қаражал қаласының тұрғынын шұғыл түрде облыс орталығына жеткізу қажет болған. Осыған байланысты санитарлық авиация рейсі ұйымдастырылды.
Дәрігерлер мен әуе кемесі экипажының үйлесімді жұмысының арқасында науқас белгіленген жерге дер кезінде жеткізілді.
ТЖМ мәліметінше, ведомство авиациясы күн сайын орта есеппен 3-5 санитарлық рейс орындап, науқастарды жедел тасымалдау мен шұғыл медициналық көмек көрсету жұмыстарын қамтамасыз етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу