Ұлытау облысында онкологиялық аурулардың көбеюіне Байқоңыр ғарыш айлағының әсері бар ма?

655

Бұл сұрақтың жауабын арнайы комиссия іздейтін болады.

Ұлытау облысында онкологиялық аурулардың көбеюіне Байқоңыр ғарыш айлағының әсері бар ма?

Ұлытау облысында (Жезқазған және Сәтбаев қалалары) Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Б. Сүлейменованың төрағалығымен Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан зерделеу жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-министр комиссия үш ай бұрын Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерін зерттеу мақсатында құрылғанын атап өтті.

Комиссия Жол картасын бекіткен. Осы Жол картасын іске асыру үшін биыл 23-27 мамыр аралығында мүдделі мемлекеттік органдар (ҚР ДСМ СЭБК, ҚР ЭГТРМ ЭРБК, ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК, ҚР ЦДИАӨМ "Инфракос" РМК) су, топырақ және ауа сынамаларын алған.

Вице-министр Байқоңыр ғарыш айлағы жұмысының қатерлі ісіктің дамуына әсерін анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу