Ұлытау облысында "Отбасылық ферма" жобасы әзірленіп жатыр

417

Ешбір өңірде болмаған бастама аймақтағы шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады.  

Ұлытау облысында "Отбасылық ферма" жобасы әзірленіп жатыр Фото: eldala.kz

Жоба аясында 6000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2000 бас жылқы бағылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаның инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қаражат шопандарға тұрғын үй салу, мал ұстауға арналған қора-жайлар тұрғызу, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ жобада малды бордақылау, сою цехы, бие сүтін өңдеу, вакуумдалған ет өнімдерін шығару сияқты толық өндірістік цикл көзделген. Жобаны жүзеге асыруға облыстың 6 ауылдық округі, 100-ге жуық уақытша және 22 тұрақты жұмысшы, 34 шаруа қожалығы және екі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қатысады.

Негізгі мақсаты – өңірде ашылып жатқан бордақылау алаңдарын малмен тұрақты толтырып, азық-түлікпен қамтамасыз етуге септігін тигізу. Ішкі нарықта жем-шөп қорын қалыптастыру, қой басы санын өсіріп, импорт тәуелділігінің азаюына ықпал ету.

Аталған жобалар мал шаруашылығы саласының дамуына, мал басы санының артуына және оны өңдеуге арналған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу