Ұлытау облысында шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

153

Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысында шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: freepik

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігіне сәйкес "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында департаменттің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, осыған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалғанын жазғанбыз. Кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. 

Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу