27 шілдеде Ұлытау облысы ПД Жаңаарқа полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның шаруа қожалықтарының бірінің қызметкерінен белгісіз тұлғалардың 29 жылқыны ұрлағаны туралы арыз келіп түсті.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар жылқыларды тасымалдау үшін тіркемесі бар жүк көлігін пайдаланған. Жамбыл және Түркістан облыстарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасағанын мойындаған 26 және 28 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Түркістан облысы Қазығұрт ауданының елді мекендерінің бірінен ұрланған 7 жылқы мен автокөлік тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Жезқазған қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Оларға қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.