Ұлытау облысында сиыр етінің шекті бағасы белгіленді

144

Өңірде сиыр етінің бағасы қымбаттап кетпес үшін тұрақтандыру қорынан 50 тонна ет сатылымға шығарылады.    

Ұлытау облысында сиыр етінің шекті бағасы белгіленді Фото: eldala.kz

Өнім әлеуметтік дүкендерде сатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір аймақта ірі қара етінің келісі орта есеппен 3300 теңгеден сатылып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылайтын мониторинг тобы кәсіпкерлермен кездесіп, бағаны негізсіз өсірмеуге шақырды. Арнайы топ халық көп тұтынатын азық-түліктің 19 түріне апта сайын мониторинг жүргізеді.

Әлеуметтік маңызды тауарларға 15%-тен артық үстеме қосуға болмайды. Жыл басынан бері бағаны негізсіз өсірген 160 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Статистикалық бюроның ақпаратына сәйкес өсім байқалған өнімдерге шекті баға қойылады. Бізде мысалы бірінші тоқсанда сиыр етіне шекті баға қойылды және төртінші тоқсанға шекті бағаның көлемі белгіленуде әкімдікпен. Сол белгіленгеннен бастап Ұлытау облысы бойынша егер бағалар шекті бағадан астатын жағдай болса, 202 бапқа сәйкес айып көрсетіледі, –деп мәлімдеді сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәулетбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу