Ұлытау облысында су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүруде

214

Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. 

Ұлытау облысында су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүруде Фото: ҚР ТЖМ

Ұлытау облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен үйдерді қалпына келтіру жұмысы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Көктемгі су тасқынынан облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында бірқатар үйлерге зақым келген. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп, қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Мәселен, Жаңаарқа ауданының Ынтымақ елді мекенінде 2 үй тұруға жарамсыз деп танылып, 1 үйге ағымдағы жөндеу жасау жөнінде шешім шығарылған. Бүгінгі таңда тұруға жарамсыз екі үй иесінің біреуіне аудан орталығынан жеке үй сатып алынып берілді. Ал, екінші отбасыға Ынталы ауылында жаңа үй салынуда. Ал тағы бір отбасыға үйіне жөндеу жүргізу үшін 1,1 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударылды.

Сонымен қатар, облыстың Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентінде тасқыннан зардап шеккендерге жаңадан 3 үй салынып, 6 үйге жөндеу жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу